15 қыркүйектен бастап Қазақстанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталады. Біз ең көп таралған сұрақтарға жауап дайындадық.

  • Тіркелуге қабылданған өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  • Неліктен үйге жақын емханаға тіркелу маңызды болып саналады?

Біріншіден, бұл үйіңіз бен емхананың ортасында 15-20 минуттық жая жүруге болатындай қашықтықтағы медициналық көмекке қолжеткізу.

Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру мүмкіндігі болып табылады.

Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.

  • Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?

Сіздің тек бір емханаға тіркелу мүмкіндігіңіз бар, өйткені бекіту сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жасалады. Ал, сізді бұрынғы емханадан босату автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермеген болсам не болады?

Бұндай жағдайда сіз бұрын өзіңізге қызмет көрсетілген емханада тіркелген болып қаласыз.

  •  Аталған науқан кезінде мен басқа емханаға тіркелуге өтініш бердім, ол жерде медициналық көмекті қай уақыттан бастап алуға болады?

Келесі жылдың 1- қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада медициналық көмек алуды жалғастыратын боласыз.

  • Қандай жағдайларда мені емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?

Жалған ақпарат ұсынған уақытта;

Пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасқандығы анықталған кезде;

Бекітілген халық саны жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан, учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде;

Тіркелген тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.

  • Емханаға бекітілу қандай НҚА бойынша реттеледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 13-қарашасындағы № ҚР ДСМ-194/2020 "Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен реттеледі

15.09.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу